Сықиып киінген әйел :
- Жұмыртқа қаншадан ? , - деді биіктен.
Егде жасқа келген сатушы :
- Әр жұмыртқа 25 теңге , - деді байыппен.
Әлгі :
- Мен , 10 теңгеден бәрін аламын берсең , келіспесең кеттім , - деді.
Бетін әжім басқан сатушы сәл кідіріп :
- Жақсы, айтқан бағамен алыңыз , өйткені бүгін мен ештеңе сата алмадым , - деді жымыңқырап.
Ол жұмыртқаны алып, үлкен ұтысқа ие болғандай сезімде болды.
Үстіне әлі шыбын қонып үлгермеген жаңа мәшинесіне отырып , шаңдата кете барды. Кешке өзінің жақын танысымен қаланың ең қымбат деген мейрамхансынан табылды.
Онда олар қалаған асына тапсырыс беріп , бірақ оның бәрі дерлік желінбей ыдыс ішінде қалды . Есептесетін уақыт келгенде 18 мың теңгеге отырыс жасапты , сөмкесінен екі 10 мыңдық шығара , қалдығы өздеріңе деп мәрттік жасағандай кетіп қалды.
Бұндай жағдай мейрамхана иесі үшін үйреншікті болатын , бірақ егде жастағы жұмыртқа сатушысына емес.
Неге біз мұқтаж жандардан бір нәрсе сатып алған кезде сасық тәкаппарлығымызды көрсетуге тырысамыз ?
Неге біз өзіміздің жомарттығымызды оны тіптен қажет етпейтін адамдарға көрсеткенді ұнатамыз..
Ли Куан Ю (Сингапур премьер - Министрі) кітабында мынандай сөз бар : .."менің әкем кедей адамдардан , өзіне тіптен қажет етпейтін қарапайым тауарларды жоғары бағамен сатып ала беретін еді. Мен одан неге олай істейтінін сұрағанда , әкем: "бұл қайырымдылық, ұлым" дейтін.
Кей отырыстарда , мейрамханада қалдық 200 - 300 теңгені ақша көрмей тастап жүре береміз. Бірақ одан пайдалысы көшеде ыстыққа күйіп отырған қариялардың сатқан ақжелген , жуа , картобынан алсаңыз асылы сол болмақ.
Жазбаны оқи отырып , ой түйіп басқаға да жеткізеді деген ойдамыз .